Екібастұзда жігіт вагондар арасында қысылып қалған

Oinet.kz 16-04-2024 494

Екібастұзда жігіт екі вагонның арасында қысылып қалды. Жігітті аман алып қалу мүмкін болмаған, деп хабарлайды Оinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Қайғылы сәт бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Жігіт вагондар арасында жүрді, бір сәтте автоматты қосқыштар қозғалып, жігіт қысылып қалды. Ол құлап, дірілдей бастады, тұруға тырысқанымен, қайтадан құлады.

Желі қолданушылары жігіттің компанияда тағылымдамадан өткенін жазады.

"Екібастұз қалалық полициясы еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысы мен еңбек инспекциясының қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – деп хабарлады Павлодар облысы бойынша полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Польза и вред ежедневных прокладок
28 жастағы әйел көп су ішемін деп көз жұмды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу