Шымкентте «AJP Shymkent International» халықаралық турнирі өтуде

Oinet.kz 22-04-2024 382

4.jpg 

Шымкентте тұңғыш рет джиу-джитсу спорт түрінен «AJP Shymkent International» халықаралық турнирі өтуде. Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік Коммуникациялар қызметі хабарлады.

Турнирге 250 ден астам спортшы қатысып жатыр. Оның ішінде Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түркіменстан, Ресей мемлекеттерінен келген спортшылар да бар.

Джиу-джитсу  жекпе-жектердің аса көне жүйелерінің бірі болып табылады. Джиу-джитсудің тарихы терең және өзіне Шығыс халықтарының (Жапонияның, Қытайдың, Кореяның, Монғолияның және т.б.) жауынгерлік өнеріндегі дәстүрлі түрлерінің аса тиімді элементтерін сіңірген жауынгерлік өнердің бір түрі болып табылады. Бұл спорт түрінің дамуы көне әскери ғылым мен қарудың дамуымен тікелей байланысты.  Қытай жауынгерлік өнерлері джиу-джитсудің қалыптасуына аса ықпал тигізген. Бұл спорт түрі елімізде балалардың да, ересектер арасында да жақсы дамуда.

Ал Шымкент қаласында джиу-джитсу спорт түрімен 200-ден астам спортшы айналысып жүр. Аталған спорт түріне қызығушы балалар саны жылдан-жылға артып та келеді.

Айта кетейік, Джиу-джитсу ресми түрде дүниежүзілік жекпе-жек ойындарының қатарына кіріп, ХІХ Азия ойындарының бағдарламасына енгізілді. Дәл қазір Джиу-джитсу әлем мойындаған спорт саналады.

Осыған байланысты Шымкент қаласының денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Маратбек Мықтыбековтің айтуынша бұл турнир жас спортшыларды олимпиядаға дайындау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Аталмыш спорт түрінен жарыс еліміздің бес қаласында өтіп, соңғы турнир Абу-Даби қаласында өтпек. Ал осы уақытқа дейін Астана қаласында өткен.

Шыдамдылыққа, күрес пен өзін-өзі қорғауға, қандай жағдай болмасын өзара қарсыластарын құрметтеуге баулитын Джиу-джитсу спорт түрінен өтіп жатқан 6 жастан 16жасқа дейінгі спортшыларымыз қатысып жатқан «AJP Shymkent International» халықаралық турнирі ертең де жалғасады.

 


«Таза Қазақстан»: Дендросаябаққа ағаш көшеттері егілді
Шымкент: Биыл 2 қазандық жаңартудан өтеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу