«Таза Қазақстан»: Металлургтер саябағына қараталдар егілді

Oinet.kz 24-04-2024 382

11.jpg 

«Жасыл аймақ» апталығы басталғалы Шымкент қаласының жер-жерлерінде ағаш отырғызу жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Тұран ауданына қарасты Металлургтер саябағының ашық жерлеріне де 100-ден аса қаратал егілді. Ағаш отырғызу жұмыстарына Тұран ауданы тұрғындары мен аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, өнер адамдары және еріктілер қатысты.

Саябақтағы тал егу жұмысы көңілді өтті. Оған себеп, көгалдандыру жұмысының көрігін Шымкент қалалық әзіл- сықақ және сатира театрының әзілкеш әртістері қыздырды. Олар тек әзілдесіп жүрмеді, тал екті, ағаш түбін қопсытып, әкетеді.

«Көңіл-күй өте керемет! Өйткені ертең біз еккен талдардың, жайқалып өскен гүлдердің арасында біздің көрермендер қыдырып, өздерінің көңіл-күйлерін көтереді деген үміттеміз»-дейді өнер саңлақтары.

Ағаш отырғызу адам өміріндегі ең маңызды істердің бірі деп санайтын Тұран ауданында жаңадан қалыптасып келе жатқан ауданды көріктендіру жақсы жолға қойылған. Сауабы мол іске бастамашы аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен осы уақытқа дейін аудан көлемінде 1000 тал егілген.

Ендігі мақсат, еккен тал-тарақтарды күтіп ұстап, жайқалып өсуіне күш салу.

«Жасыл аймақ» апталығы барысындағы ағаш егу мен тазалық жұмыстары Еңбекші ауданы аумағында да атқарылды.

Ағаш - адамға қажетті ауаны тазартып, оны реттеп отырады. Сонымен қатар табиғаттың тепе-теңдігін сақтап тұратын да - ағаш. Сол себепті де аудан әкімшілігі ұйымдастырған тал егумен қатар сол тал өсіп тұрған жерлердің тазалығын қалыпқа келтіру мақсатындағы бүгінгі сенбілікте қыруар істер атқарылды.

Аудан аумағындағы Алатау саябағында тазалық жұмыстарына тұрғындары, әкімдік қызметкерлері және Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрының ұжымы бар, жалпы 200-дей адамқатысып, 4 техника жұмылдырылды.

Айта кететін жайт, Алатау саябағықала әкімінің тапсырмасы бойынша салынған болатын. Бұрын саябақ орынындағы заңсыз нысандар бұзылып, бүгінде ел демалатын саябаққа айналды.

Жалпы, қала аумағын абаттандыру, көгалдандыру мәселелері өзекті болып тұр. Себебі, бұл бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар халықтың қолайлы өмір сүруіне тікелей әсер етеді. Сондықтан, қаланың микроклиматын қалыптастыру маңызды міндеттердің бірі болып отыр.

Еңбекші ауданында өткен бүгінгі тазалық жұмысына қатысқандар тазалық сақтау біле білгенге ең бірінші денсаулық үшін керек, екінші- тәрбие, мәдениет. Сондықтан айлығы тек бір күнмен шектелмеу керек деп, тазалық жұмыстарына алдағы уақытта да қатысатындықтарын жеткізді.


«Жасыл аймақ»: Акцияға тұрғындар белсене қатысуда
Шымкент: Түрік инвесторлары бу-газ қондырғысын салады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу