«Ұрпағыңа қалдырған өнегең мол»

Oinet.kz 29-04-2024 402

19.jpg

 Шымкентте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» апталығы өтіп жатыр. Бұл апталықта түрлі атаулармен іс-шаралар ұйымдастырылып, апталықтың маңыздылығын аша түскендей. Сондай іс-шараның бірі - «Ұрпағыңа қалдырған өнегең мол» атаумен өтуде. Бұл туралы Шымкент қаласының коммуникациялар қызметі хабарлады.

Осы атаумен өткізіліп жатқан іс-шара бойынша Д.Қонаев мұражайының ауласында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

Іс-шараға қаланың белсенді жастары, студенттер және Тұран ауданының тұрғындары атсалысып, 80-ге жуық астам адам қатысты. Қала жастары мұражай аумағын қоқыстан тазартып, шөптерін орумен, мұражай ішінде шаң-тозаңды сүртіп, тазалық жұмыстарын жүргізумен айналысты.

Жастар тек қана тазалық жұмыстарын жүргізіп қойған жоқ, сонымен бірге Д.Қонаевтың өмірі мен қызметі жайлы пайдалы ақпараттар да алды.

Іс-шараға белгілі қоғам қайраткерлері Шәріпбек Жамалбек, Пернеев Ерназар және басқа да азаматтар қатысып, өз үлестерін қосты. Жастарға ақыл-өсиетін айтып, бағыт-бағдар берді.

Ал «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Бекзат Төлебай іс-шара мен оның маңыздылығына тоқталып, жастарға берер тәлім-тәрбиесін ерекше атап өтті.

Сондай-ақ, «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында «Менің мектебім» жобасы бойынша жоғары сынып оқушыларының мектеп ауласына ағаштар отырғызды, мектеп ауласын тазалады және ағаштар мен гүлдер егу жұмыстарын жүргізді. Жалпы, «Түлектер аллеясы» акциясын барлық білім беру мекемелері жақсы дәстүрге айналдыруда.

Бұл тек қоғамдық пайдалы жұмыс емес, оқушылардың өздерінің туған мектебін, туған қаласын көгалдандыруға және жақсартуға қосқан үлесі. Сонымен қатар, мектеп оқушылары «Өнегелі ұрпақ» аптасында қаладағы ардагерлер мен қарттардың ауласын тазалау жұмыстары жүргізуде.

Акция оқушыларға экологиялық мәдениетті, табиғатқа ұқыпты қарауды, еңбекқорлықты, қоршаған ортаны көгалдандыруды үйретеді.

Апталық барысындағы тазалық жұмыстары жалғаса береді.

 


Шымкент: Министр шаруалармен мәселе талқылады
«Өнегелі ұрпақ»: Жастар қарттар үйіне барды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу