Атқарушылық әрекеттерді жасау тәртібі туралы

Oinet.kz 03-05-2024 881

Қазіргі таңда, Әділет департаментіне азаматтар (азаматша) тарапынан атқару құжатының орындалу барысы жайында сұрақтар толассыз түсуде.

Осыған орай, атқарушылық округінің жеке сот орындаушыларының және мемлекеттік сот орындаушыларының өзіне келіп түскен атқару құжаттары бойынша төмендегідей атқарушылық шаралар қолдану қажет:

Әрбір соттан шыққан атқару парақтары, сот бұйықтары, сот шешімдері және уәкілетті органдардың қаулылары борышкердің тұрлылықты мекен жайы бойынша немесе борышкердің атына тіркелген мүлкі бойынша мемлекеттік немесе жеке сот орындаушыларға мәжүрлеп отырдау үшін келіп түседі.

Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесә туралы» Заңының 2 бабына сай, атқарушылық iс жүргiзудің мiндеттерi осы Заңға сәйкес азаматтық және әкiмшiлiк iстер бойынша сот шешiмдерiнің, ұйғарымдардың, нұсқамалар мен қаулылардың, мүлiктiк өндiрiп алу бөлiгiнде қылмыстық iстер бойынша үкiмдер мен қаулылардың, сондай-ақ өзге де органдар қаулыларының негізінде берілетін атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шараларды мiндеттi түрде және уақтылы қолдану болып табылады.

Сот орындаушысы заңда белгіленген талаптарға сәйкес келетін атқарушылық құжат өзіне келіп түскеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей атқарушылық іс жүргізуді қозғайды, бұл жөнінде қаулы шығарады, оны борышкерге жібереді.

Сонымен қатар, атқарушылық іс жүргізуге қатысушылар атқарушылық әрекеттер туралы және мәжбүрлеп орындату шаралары туралы хабарламамен хабарланады немесе сот орындаушысына не атқарушылық әрекеттер жүргізілетін жерге шақыру қағазымен шақырылады. Хабарлама немесе шақыру қағазы қолына тапсырылғаны туралы хабарландыруы бар тапсырыс хатпен, жеделхатпен жіберіледі. Сондай-ақ атқарушылық іс жүргізуге қатысушылар телефонограммамен, ұялы байланыс немесе электрондық почта арналары бойынша қысқа мәтінді хабарламалар арқылы, сондай-ақ хабарламаны немесе шақыртуды тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланылып хабар алады немесе хабардар етіледі.

Сот орындаушысы (АІЖО ААЖ) атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы борышкердің  жайлы мәліметтерді тексереді, яғни, мүліктері тіркелген немесе тіркелмегендігін, борышкердің зейнетақы аударылдар (жұмыс орны) бар жоғын, борышкердің атында лицензиялары тіркелген немесе тіркелмегендігін, автокөлік жүргізу куәлігінің бар жоғын тексереді.

Заңның 32 бабы негізінде сот орындаушысы борышкердің мүліктеріне, банк есеп шоттарына тыйым салу туралы қаулысы қабылданады.

Сонымен қатар, Заңның 33 бабы негізінде сот орындаушысы борышкер болып табылатын жеке тұлға, заңды тұлғаның басшысы (оның міндетін атқарушы) атқарушылық құжаттағы жиырма айлық есептік көрсеткіштен астам сомаға талаптарды орындамаған кезде, сондай-ақ мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды үш айдан астам орындамаған кезде сот орындаушысы көрсетілген адамдардың Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы қаулы шығаруға құқылы, ал өндіріп алушының өтініші бойынша осындай қаулы шығаруға міндетті.

Сондай-ақ, заңның 34 бабы негізінде борышкердің лицензияларды, рұқсаттарды және арнайы құқықтарды беру туралы құжаттары анықталған жағдайда, сот орындаушысы осыларлы уақытша тоқтата тұру туралы ұсыныс қабылдап, сотқа жолдау қажет.

Бұдан бөлек, Заңның 66 бабының 1 тармағы негізінде сот орындаушысы борышкердің мекен жайына шығып, мүліктік тізімдемесін жасау қажет.

Егер, борышкер сот шешімін орындамаған жағдайда, сот орындаушысымен борышкердің әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктерін қарастыру жөнінде шаралары қолдану қажет.

Қортындылай келе сот орындаушысы Заңда көзделген шараларды толық және уақытылы қолдануға міндетті.

Түркістан облысы

Әділет департаментінің

бас маман Досәлиев Ә.

«Жасыл аймақ»: Түркістандық ардагерлер саябаққа 100 дана арша ағашын отырғызды
Отырарлықтар «Ардагерлер» саябағында сенбілік ұйымдастырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу