Келесте «Өнегелі ұрпақ» апталығында 1 мыңға жуық адам сенбіліктерге қатысты

Oinet.kz 04-05-2024 836

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығында Келес ауданына қарасты барлық елді мекендер белсенділік танытуда. Сонымен қатар, аудан жастары қариялардың үйлеріне барып, аулаларында тазалық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Screenshot_24.jpg

Осы ретте Абай ауылындағы әкімдік қызметкерлері 98 жастағы тыл ардагері Рахима Галимованың үйінде тазалық жұмыстарын жүргізді. Атқарылған жұмыстар барысында тұрғын үй қоқыстан тазартылып, қоршаулар ретке келтірілді.

Сонымен қатар, аудан жастарының ұйымдастыруымен «Ардагерлер» аллеясында тазалық акциясы өтті. Жастар саябақты ретке келтіру және күл-қоқыстан тазарту сынды жұмыстарды атқарды. Жалпы аудандағы «Өнегелі ұрпақ» апталығында ұйымдастырылған тазалық шараларына 1000-ға жуық адам атсалысты.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

«Өнегелі ұрпақ»: Төлебилік ерікті жастар ауыл ақсақалының батасын алды
«Таза Қазақстан»: Түлкібас ауданында 100-ден астам бұлақ көздері тазаланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу