Отырарлықтар «жеңіс» саябағында тазалық жұмыстарын атқарды

Oinet.kz 04-05-2024 840

Отырар ауданы, Ынталы ауылындағы «Жеңіс» саябағында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен сенбілік өтті. Шараның аталған саябақта өтуінің де маңызы ерекше. Ауданның құрметті азаматы Айтқұлбек Сұлтановтың демеушілігімен салынған саябақ Ұлы Отан соғысында ерлік жасаған отырарлық жауынгерлердің құрметіне салынған.

Screenshot_26.jpg

Іс-шараға ауыл ақсақалдары, қоғамдық ұйым өкілдері, белсенді жастар, білім және мәдени сала қызметкерлері мен жас мемлекеттік қызметшілер қатысты. Игі шараға атсалысқан аға буын өкілдері ұрпақтар сабақтастығы жолында жастарға өнеге көрсетті. Іс-шара барысында қоғамдық орынның сыртқы қасбеттерін бояу, әктеу, ретсіз өскен ағаштарды ретке келтіру жұмыстары атқарылды.

Бәйдібектіктер экоакцияда белсенділік танытып жатыр
Түркістан облысында «Таза қазақстан» акциясы аясында 1400-ден астам шара өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу